I-PACE КОНЦЕПТ-КАРЫ

I-PACE концептін ұсынамыз — бірінші толық электрлік бес орынды Jaguar автокөлігінің түпүлгісі.

I-PACE — тек дерексіз концепт емес. Бұл көлік жүргізуден қайталанбас әсер қалдыратын электрмобильдер жасауға деген ұмтылысымызды көрсететін біздің алғашқы толық электрлік автокөлігіміздің түпүлгісі. Біз зиянды заттардың нөлдік шығарындыларын қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды дамытып қана қоймай, жүргізушілерге электрмобильдердің не екенін жақсы түсінуге көмектесеміз.

ЭКСТЕРЬЕРДІҢ БАТЫЛ ДИЗАЙНЫ

Жаңа электрмобиль платформасының арқасында қол жеткізілген I-PACE концептінің айқын арақатынастары Jaguar фирмалық дизайнының жаңа тарауын ашады.

I-PACE КОНЦЕПТІНІҢ ДИЗАЙНЫ

Ең алдымен шынайы Jaguar болғандықтан, I-PACE концепт-кары электрмобильдердің инновациялық болашағы болып табылады.

КЕРЕМЕТ СТИЛЬ

«Ең қиыны, Jaguar-дің айрықша ерекшеліктері бар, көлік жүргізуден ләззат сыйлайтын және сезімге шақыратын электрмобильді жобалау және жасау».

ДИНАМИКА ЖӘНЕ ЖҮРІС ҚАСИЕТТЕРІ

I-PACE концепті Jaguar қолтаңба динамикасы мен аңызға айналған ағынын біріктіреді, бұл шынымен де көлікті қызықты және әсерлі жүргізуге кепілдік береді.

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

I-PACE концепті, көлік жүргізу ләззатын және жолаушылардың жайлылығын арттыруға бағытталған технологияларға негізделген.

Кескіндерде I‑PACE концепті бар. Сериялық автокөлік стилінің, әрлеу элементтері және басқару құралдарының орналасуы әртүрлі болуы мүмкін.
Үдеудің, қуаттың, жылдамдықтың, жүріс қорының және зарядтаудың барлық мәндері жариялау кезінде өзекті ақпарат негізінде беріледі. Сериялық өндіріске шығарар алдында автокөлік сынақтан және сертификаттаудан өтеді, оның нәтижелерімен тапсырысты рәсімдеу алдында танысуға болады.