Электрлі тарту күшімен жүріс қоры 470 км-ге (292 миляға)* дейін құрайтынының арқасында бір зарядтау Jaguar I‑PACE иесінің апта сайынғы сапарларының көпшілігіне жетеді.**
Мұнда сіз толығымен электрлік автокөлікте немесе электр желісінен қосымша зарядталатын гибридті автокөлікте (PHEV) сапарлардың ұзақтығын барынша арттыру үшін сізге нені білу керектігін табасыз.
Толығымен электрлік автокөлікте немесе электр желісінен қосымша зарядталатын гибридті автокөлікте электржетегін барынша көп пайдалану режимінде аккумуляторлық батарея – жалғыз энергия көзі. Нәтижесінде жүргізу стиліңіз, салонда пайдаланатын жабдық және тіпті сіз қозғалатын жағдайлар жүріс қорына ықпал етеді.
Төменде көрсетілген параметрлерді түзетіңіз және олардың нақты жағдайларда Jaguar I-PACE жүріс қорына ықпалын бағалаңыз.
Отын шығыны: Қ/А (қолданыла алмайды). CO₂ шығарындылары: 0 (г/км). Электрлік тарту күшінде жүріс қоры: 470 км (292 миля) дейін. Электр тарту күшімен жұмыс істейтін жүріс қоры жөніндегі деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген. Нақты көрсеткіштер автокөлік пен аккумулятордың күйіне, бағдар мен қоршаған ортаға, сондай-ақ көлік жүргізу стиліне байланысты.
Jaguar Land Rover Limited компаниясы үнемі автокөліктерінің сипаттамаларын, дизайны мен өндірісін, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын жетілдіруге тырысады. Біз алдын ала хабарламай, өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз.
* Отын шығынының ресми көрсеткіштері: қ.а. (қолданыла алмайды); I-PACE моделі үшін көрсеткіштер, кВт·сағ/100 км (миль): 22,0–25,2 (35,4–40,5) аралас циклінде энергия шығыны. CO2 шығарындылары 0 г/км. Электрлік тарту күшінде жүріс қоры: 470 км (292 миля) дейін. Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. Қуат тұтыну және жүріп өту қашықтығының көрсеткіштері жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдық, нақты бағдар және батарея күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.
**Қалалық тұрғын бір апта ішінде күнделікті жол жүрген кезде өтетін орташа қашықтық: 264 км (164 миля), Ұлыбритания мен АҚШ-тағы келесі дереккөздерден жүргізушінің жылдық орташа жүрісі туралы деректердің негізінде: http://www.racfoundation.org/motoring-faqs/mobility#a26 және www.fhwa.dot.gov/ohim/onh00/bar8.htm. Орташа есеппен бес күн ішіндегі жүріс туралы деректерді алу және Ұлыбритания мен АҚШ-тағы деректерді орташалау арқылы алынады.
1F-PACE (PHEV) моделінің гибридті нұсқасындағы отын шығынының ресми көрсеткіштері, л/100 км (миля/галлон): аралас циклде 2,2 (128,4). CO2 шығарындылары 49 г/км. Электрлік тарту күшінде жүріс қоры: 53 км (33 миля) дейін.
E-PACE (PHEV) моделінің гибридті нұсқасындағы отын шығынының ресми көрсеткіштері, л/100 км (миля/галлон): аралас циклде 1,4 (201,8). CO2 шығарындылары 32 г/км. Электрлік тарту күшінде жүріс қоры: 62 км (39 миля) дейін. Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындыларының, отын шығынының, қуат тұтынудың және жүріс қорының көрсеткіштері көлік жүргізу, қоршаған орта жағдайлары, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдықтар, нақты бағдар және аккумулятор күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.