Jaguar кеңейтілген кепілдігінің Diamond деңгейі зауытта орнатылған барлық құрамдас бөліктердің
механикалық не электрлік кемшіліктері мен ақауларына таралады.
КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕПІЛДІКТІҢ DIAMOND ДЕҢГЕЙІ МЫНАЛАРДЫ ӨТЕМЕЙДІ:
ТОЗУ ЖӘНЕ ЗАҚЫМДАНУ:
- Бояудың түссізденуін, бөлшектердің өзгеруін немесе деформациялануын қоса алғанда, қалыпты тозу салдарынан нашарлау.
- Уәкілетті ұйымның мақұлдауынсыз жөндеу, ауыстыру немесе өзгерту.
- Уәкілетті ұйым тағайындаған білікті инженер анықтаған және осы кеңейтілген кепілдік қолданыла бастаған уақытқа дейін болған бұзылу, зақымдану және сыну белгілері. Бұрын болған ақаулар осы кеңейтілген кепілдіктің қолданылуы басталғанға дейін жойылуы тиіс.
- Механикалық немесе электрлік ақаулықтар анықталған, бірақ кеңейтілген кепілдік берілмейтін, басқа істен шыққан
бөлшектерге жоспар бойынша қызмет көрсету немесе жөндеу барысында ауыстырылатын немесе тексерілетін бөлшектер.
ИНТЕРЬЕР ЖӘНЕ ЭКСТЕРЬЕР:
- Корпус тығыздамалары
- Шанақ
- Сәндік әрлеме
- Әйнектер
- Шанақ бояуы
- Әрлеме
- Қаптама
- Герметикалық тығыздағыштар
МЕХАНИКАЛЫҚ БӨЛШЕКТЕР:
- Газ шығару жүйесінің элементтері, соның ішінде дизельдік қозғалтқыштарға арналған күйе сүзгілері* (DPF)
- Ластанған отынды немесе автокөлікке жарамсыз отынды пайдалану нәтижесінде пайда болған ақаулар
- Ілмектер мен жапсырма пластиналар
ТОЗАТЫН БӨЛШЕКТЕР:
Автокөліктің жасына және жүріп өткен жолына байланысты пайдалану сипаттамаларының біртіндеп төмендеуі. Тозуы мүмкін компоненттер мыналарды қамтиды:
- Аккумулятор батареялары
- Мойынтіректер мен үйкеліс материалдары
- Тежегіш дискілері
- Шамдар мен сақтандырғыштар
- Ілінісу механизмінің қысу дискілері
- Барабандар мен үйкеліс материалдары
- Рульдің компоненттері
- Аспа
- Дөңгелектер, шиналар және клапандар
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ:
Реттеу және ауыстыру, оның ішінде:
- Электр жүйелерінің бағдарламалық құралын жаңарту немесе қайта бағдарламалау
- Зауытта орнатылған аксессуарлар
- Сүзгілер
- Жағармай материалдары
- Зауытта орнатылмайтын компоненттер
- Майлар
- Шам сымдары
- Кондиционер блогын толтыру
- Компоненттерді жүйелі түрде реттеу және баптау
- Оталдыру білтелері
- Дөңгелектердің құлауы мен түйісуін теңестіру/реттеу*
* Ауыстыру негізделген шағымның бөлігі болып табылатын немесе жанама нұқсанның келтірілуіне әкелген кепілдік берілген бөлшектің істен шығуына байланысты талап етілетін жағдайларды қоспағанда.