ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

Керемет сипаттамалар. Нөлдік пайдаланылған газ шығарындылары.

Біздің таңдаулы толығымен электрлік Jaguar I‑PACE — бұл іс жүзінде шуылсыз жұмыс істейтін қозғалтқышы және шығарындылардың нөлдік деңгейі бар спорттық сипаттамалардың тартымды үйлесімі.

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Jaguar толығымен электрлік автокөліктерінің жұмысы екі электр қозғалтқышпен және аккумуляторлық батареямен қамтамасыз етіледі. Зарядтау сыртқы қуат көзіне қосылу және рекуперациялық тежелу кезінде жүргізіледі. Автокөліктің жұмысы үшін бензин де, дизельдік отын да керек емес, бұл шығарындылардың нөлдік деңгейін қамтамасыз етеді.
БҰЛ АВТОКӨЛІКТЕРДІ КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТЕТІН НЕ?

БҰЛ АВТОКӨЛІКТЕРДІ КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТЕТІН НЕ?

Сыйымдылығы 90 кВт сағ аккумуляторлық батареяның арқасында Jaguar I-PACE жүріс қоры 470 км (292 миля) жетуі мүмкін* қосымша зарядтаусыз. Автокөлікті үйдегі зарядтау құрылғысы немесе штепсельді розетка көмегімен, сондай-ақ үнемі өсіп жатқан қоғамдық зарядтау станциялары желісінің бір нүктесінде оңай зарядтауға болады.
ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Электрлік күштік қондырғы өте тыныш болуымен қатар, берілістерді мінсіз ауыстыру кезінде баяу және жылдам үдеуді қамтамасыз етеді. Спорттық маневрлікке жету үшін, аккумуляторлық батареяны көпірлердің арасына орналастырдық. Бұл ауырлық ортасын төмендетуге және массаның мінсіз таралуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Толықтай электрлі Jaguar I-PACE жылдамдығын 0-ден 100 км/сағ-қа дейін 4,8 секундта үдетеді.

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІКТІ ҚАЛАЙ ЗАРЯДТАЙДЫ?

Толығымен электрлік автокөліктерді кәсіби үйдегі зарядтау құрылғысы, тұрмыстық розеткалар арқылы, сондай-ақ спортзалдар, сауда орталықтағы және автомагистральдарда орналасқан сервистік станциялар сияқты көптеген қоғамдық қолдану орындарында зарядтауға болады.

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ<sup>1</sup>

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ1

- Қуаты 11 кВт айнымалы токтан үйдегі зарядтау станциялары автокөлікті 9 және одан көп сағатта толығымен зарядтайды. Былайша айтқанда, 60 минутта жүріс қоры шамамен 53 км (33 миля) артады.

- Қуаты 7 кВт айнымалы токтан үйдегі зарядтау станциялары автокөлікті 12 сағат 45 минутта және одан көп уақытта толығымен зарядтайды. Былайша айтқанда, 60 минутта жүріс қоры шамамен 35 км (22 миля) артады.

ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ<sup>1</sup>

ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ1

- Қуаты 7 кВт айнымалы токтан қоғамдық зарядтау станциялары автокөлікті 60 және одан көп минутта 35 км (22 миля) жүріс қорымен қамтамасыз етіп зарядтайды.

- Қуаты 50 кВт тұрақты токтан жылдам зарядтау құрылғылары автокөлікті 15 және одан көп минутта 62 км (39 миля) жүріс қорымен қамтамасыз етіп зарядтайды.

- Қуаты 100 кВт тұрақты токтан жылдам зарядтау құрылғылары автокөлікті 15 және одан көп минутта 127 км (78 миля) жүріс қорымен қамтамасыз етіп зарядтайды.

МЕН ЖҮРІП ӨТЕТІН ҚАШЫҚТЫҚҚА НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ?

МЕН ЖҮРІП ӨТЕТІН ҚАШЫҚТЫҚҚА НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Толығымен электрлік автокөлікте аккумуляторлық батарея –– жалғыз энергия көзі. Нәтижесінде жүргізу стиліңіз, салонда пайдаланатын жабдық және тіпті сіз қозғалатын жағдайлар жүріс қорына ықпал етеді.
ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІК АҚШАНЫ ҮНЕМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ МА?

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІК АҚШАНЫ ҮНЕМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ МА?

Бензиндік және дизельдік автокөліктерге кететін шығындармен салыстырғанда барынша төмен пайдаланушылық шығындар мен тарифтер, сондай-ақ елеулі салық жеңілдіктері — бұл электрмобильге ауысқан кезде жыл сайын үнемдеуге көмектесетін кейбір аспектілер ғана.
АККУМУЛЯТОРҒА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ?

АККУМУЛЯТОРҒА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ ҚАНДАЙ?

Jaguar I-PACE аккумуляторлық батареясына кешенді кепілдік 8 жыл немесе 160 000 км (100 000 миль) жүрісті құрайды, қайсысы ертерек болатынына қарай.

ҚАЙ НҰСҚАНЫ ТАҢДАЙСЫЗ?

Қандай автокөлікті таңдау керектігін білу үшін көлік жүргізу стиліңіз туралы 5 қарапайым сұраққа жауап беріңіз — толығымен электрлік, электр желісінен қосымша зарядталатын гибридті (PHEV) немесе дизельдік не бензиндік қозғалтқышы бар.

JAGUAR I-PACE

Біздің алғашқы толығымен электрлік кроссовер. Jaguar I-PACE әлемдік кластағы дизайнды және спорткарға тән сипаттамаларды үйлестіреді, бұл оған жылдамдығын 0-ден 100 км/сағ-қа дейін небәрі 4,8 секундта үдетуге мүмкіндік береді. Бұл іс жүзінде шуылсыз және шығарындылардың нөлдік деңгейімен жүргізіледі.

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТЕРДІҢ (PHEV) СИПАТТАМАСЫ

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТЕРДІҢ (PHEV) СИПАТТАМАСЫ

Күнделікті сапарларда электрлік күштік қондырғының мүмкіндіктерінен және барынша ұзақ қашықтықтарға жол жүрген кезде бензиндік қозғалтқыштың артықшылықтарынан ләззат алыңыз.
«ЖҰМСАҚ» ГИБРИД ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАР АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

«ЖҰМСАҚ» ГИБРИД ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАР АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

«Жұмсақ» гибрид (MHEV) технологиясы әдетте тежелу кезінде жоғалатын энергияның рекуперациясын және бензиндік немесе дизельдік қозғалтқыштың қуатын арттыру үшін оны кейінгі қолдануды қамтамасыз етеді.

Jaguar Land Rover Limited компаниясы үнемі автокөліктерінің сипаттамаларын, дизайны мен өндірісін, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын жетілдіруге тырысады. Біз алдын ала хабарламай, өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз.

  • Отын шығынының ресми көрсеткіштері: қ.а. (қолданыла алмайды); I-PACE моделі үшін көрсеткіштер, кВт·сағ/100 км (миль): 22,0–25,2 (35,4–40,5) аралас циклінде энергия шығыны. CO2 шығарындылары,2 0 г/км. Электрлік тарту күшінде жүріс қоры: 470 км (292 миля) дейін. Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. Қуат тұтыну және жүріп өту қашықтығының көрсеткіштері жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдық, нақты бағдар және батарея күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

1Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде автокөліктің жасына және күйіне, қоршаған орта температурасы мен батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты ауытқуы мүмкін.

^ CO2 шығарындыларының көрсеткіштері2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және аксессуарлар сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.